Ұшақ апаты: бір отбасының төрт баласы зардап шекті

0
1 110

Зардап шекке балалалар ауруханаға жатқызылды, ал олардың әкесі апаттан қайтыс болған.


Ұшақ апаты: бір отбасының төрт баласы зардап шекті

Bek Air әуе компаниясы ұшағыныңың құлауы салдарынан тоғыз бала жарақат алды, оның төртеуі бір отбасыдан. Балалар омбудсмені Аружан Саин Алматы түбіндегі ұшақ апаты кезінде зардап шеккен балаларға барып қайтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

""Bek Air" әуе компаниясы ұшағының апаты баршамызға ауыр тиді. Ұшақ бортында балалар да болған. Мен қаза тапқан жандардың отбасына көңіл айтамын...

... Зардап шеккен балалардың төртеуі бір отбасыдан екен. Отбасының жалғыз асыраушылары – әкесі. Ол осы апаттан қаза тапқан. Балалардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Ауруханада Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымовты жолықтырдық, ол туыстарымен кездесті. Әкімдік отбасына көмектесу үшін шаралар қабылдауда", - деп жазды Аружан Саин.

Оның айтуынша, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында екі бала жатыр.
"Үш баланың аяғы сынған, бір қыздың екі аяғына да зақым келді, осы уақытқа дейін барлық операция жасалды, қыздардың бірі палатада. Операциядан кейін екі баладан басқасы есін жиды. Олар жан сақтау бөлімінде – ұйқыда жатыр, барлығы өздігінен дем алуда. Балалардың ешқайсының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ең кішкентай балалар ауыр жарақат алмаған, олардың екеуі әзірге жан сақтау бөлімінде", - деп жазды Саин.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қаланың барлық қызметіне, құтқарушыларға, әскери қызметкерлерге, жедел жәрдем дәрігерлеріне, зардап шеккендерді құтқарып, қазір көмектесіп жатқан клиникаларға алғысын білдірді.