Ұшақпен алып ұшуға болмайтын заттар тізімі өзгерді

0
1 203


Ұшақпен алып ұшуға болмайтын заттар тізімі өзгерді

ERNUR.KZ. Қазақстанда ұшақтағы қол жүгі мен багаж ретінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұрынғыдай кемінде жарылғыш заттың заряды мен жарылғыш құрылғыларға, оқ-дәрілердің барлық түріне, атыс қаруына, түйрегіш және кесетін қаруға, сондай-ақ басқа да қауіпті заттарға тыйым салынған.

Бұдан бөлек, аталған талаптарға тағы бір тармақ қосылды. Онда багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселер ескерілген. Соның арасында батареямен жұмыс істейтін портативті электронды темекі құрылғылары бар. Оның ішінде электронды жұқа сигаралар, электронды сигаралар, электронды түтіктер, жеке буландырғыштар қамтылған.

Атап айтқанда, ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттардың толық тізімімен нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі сайтында танысуға болады.