Утильалымға қатысты петиция бойынша шешім қабылданды

0
641

​Министр қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша петицияны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданғанын айтты.


Утильалымға қатысты петиция бойынша шешім қабылданды

ERNUR.KZ. Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың утильалым мен бастапқы тіркеуге қарсы петицияға қатысты мәлімдемесін жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Министр қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша петицияны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданғанын айтты.

"Құрметті қазақстандықтар! Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық белсенділер утильалым және алғашқы тіркеу мәселелері бойынша петицияны қарау бойынша арнайы жұмыс тобын құрды. Өтінішті қарау кезінде заңнаманың барлық талаптары сақталды", - делінген хабарламада.