Утилизациялық алыммен бірге шетелдік көліктердің бағасы төмендейді

0
547

​Ал отандық автоның құны өзгермейді. Себебі оған утилизациялық алым төленбейді.


Утилизациялық алыммен бірге шетелдік көліктердің бағасы төмендейді

ERNUR.KZ. Дилерлер утилизациялық алымның жаңа тарифтері ресми түрде бекітілгеннен кейін шетелдік көліктердің бағасын төмендетуді жоспарлап отыр, деп жазады sputnik.kz.

Мәселен, "Астана Моторс" компаниясы BMW, MINI, Subaru, Haval мен Chery маркалы көліктердің бағасы утилизациялық алымның көлеміне қарай өзгеретінін мәлімдеді.
Ал отандық автоның құны өзгермейді. Себебі оған утилизациялық алым төленбейді.
"Утилизациялық алымның өзгеруі Hyundai Trans Kazakhstan зауыты шығаратын Hyundai жеңіл көліктеріне, сондай-ақ, Hyundai, МАЗ сияқты коммерциялық техникаға, Hyundai Trans Almaty зауытынан шығатын Golden Dragon жолаушылар көліктерінің бағасына әсер етпейді. Себебі отандық көліктер мен техниканың құнына утилизациялық алым кірмейді", - дейді компания мамандары.
Астанадағы Nissan автоорталығы да шетелдік көліктердің бағасы түсетінін хабарлады. Бірақ бұған дейін әкелінген автоның бағасы сол күйінде қалады.
Өйткені утилизациялық алымы төленген. Ал жаңа тарифтер бекітілгеннен кейін жеткізілетін шетелдік көліктердің бағасы төмен болады.
Басқа автодилерлер де утилизациялық алымның жаңа тарифтері бекітілгеннен кейін бағаның түсетінін айтты. Бірақ нақты қаншаға төмендейтіні әзірше белгісіз.
Айта кетері, үкімет утилизациялық алымның мөлшерін екі есеге қысқартуға шешім қабылдады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, 1 мамырға дейін нақты мерзім бар.
"Соған дейін барлық жұмысты бітіруіміз керек. Алайда одан да тез жасаймыз деп ойлаймын. Бәлкім, сәуірдің ортасы немесе басы болады", - дейді Қарабаев.
Үкімет алдымен утилизациялық төлемді есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізеді. Одан кейін ол құжатты мемлекеттік органдардың қарауына жібереді. Жемқорлыққа қарсы және ғылыми сараптама жасалуы шарт. Осы процедуралардан кейін құжат әділет министрлігіне тіркеуге жіберіледі.
Утилизациялық алымның жаңа мөлшері қанша теңдеген басталатынын мына жерден көруге болады.