Бұған қоса, ол ревакцинация кезінде басқа екпені таңдау мүмкіндігі жайлы айтты.
ERNUR.KZ. Елімізде 10 миллион тұрғын вакцина салғызып, ұжымдық иммунитет қалыптасқан соң масканы шешуге бола ма? Бұл сұраққа денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, деп жазады Stan.kz.
“Жалпы, масканы шешу туралы шешім қарастырылып жатқан жоқ. Себебі азаматқа вакцина салынғанның өзінде ол вирус тасымалдаушысы бола алады. Қазір масканы шешетіндей жағдай қалыптасқан жоқ. Маска тағу режимі мен вакцинаның арқасында ғана біз осы індеттің бетін қайтара аламыз”, – дейді Шоранов.
Бұған қоса, ол ревакцинация кезінде басқа екпені таңдау мүмкіндігі жайлы айтты.
“Ревакцинация жайлы мәселе қарастырылуда. Әлем елдерінде әлі бірыңғай тәжірибе қалыптасқан жоқ. Ал қайта вакцина салу кезінде басқа екпені таңдауға болатын не болмайтынын біз ғалымдардың шешіміне сүйене отырып жариялаймыз”, – деп қосты министр орынбасары.
Еске салсақ, бұған дейін қайта вакцинациялау қандай жағдайда жүргізілетіні жайлы бас санитар дәрігер айтқан еді.