Валюта айырбастау пункттері қашан ашылады

0
1 082

Карантин режимінің күшейтілуіне байланысты үкімет шешімімен валюта айырбастау пунктерінің жұмысы тоқтатылған болатын. Риддер қаласында ғана айырбастауға болады.


Валюта айырбастау пункттері қашан ашылады

ERNUR.KZ. Қазақстанның айырбастау пунктері қауымдастығының басшысы Арчин Ғалымбаев түрлі қалаларда айырбастау пунктері қашан ашылуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Әзірге еш нәрсе айта алмаймын. Алматыда 11 мамырға дейін жұмыс істемейтін шығар. Шымкентте 1 мамырда ашылуы мүмкін. Әр қалада әр түрлі уақытта ашылады", - деді Ғалымбаев.
Алматы мен астанада 30 наурыздан бастап карантин режимінің күшейтілуіне байланысты үкімет шешімімен валюта айырбастау пунктерінің жұмысы тоқтатылған болатын. Шымкентте 19 сәуірден, Талдықорғанда 8 сәуірден, Қостанайда 17 сәуірден және Таразда 9 сәуірден бері жұмыс істемейді.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, валютаны тек Риддер қаласында айырбастауға болады. Доллар 435 теңгеден сатылып жатыр. "Магнат" валюта айырбастау пунктінің иесі Олег Фурмановтың айтуынша, бұл Риддерде жұмыс істеп жатқан жалғыз пункт емес. Өйткені өңірдің бас санитар дәрігері күшейтілген карантин енгізген жоқ. Сондықтан валюта айырбастау пунктері істеп тұр.
Доллар бағамы қандай
Қазақстан қор биржасында таңертең өткен саудаға сәйкес америкалық валютаның бағамы долларына 431,16 теңге.
Ұлттық банктің ресми бағамы 28 сәуірде 430,78 теңге болды.
Ұлттық банк мәлімдемесі
Еске сала кетсек, 16 наурыз күні Ұлттық банк тепе-тең бағамның қалыптасуына ықпал етуге ниеттеніп отырғанын мәлімдеді. Бұдан соң ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы күрт төмендеді.
Дүйсенбі, 16 наурыз күні доллар 407-410,5 теңге болса, Ұлттық банк мәлімдемесінен кейін бірден 440 долларға көтерілді