Варшавада Қазақстан мен Польша сыртқы істер министрлері бас қосты

0
1 062

Нұр-Сұлтанның Варшаваға деген қызығушылығы түсінікті - 2018 жылы Польша әлемнің ең ірі экономикалары рейтингінде 22-ші орынға ие болды, ал Еуропалық Одақ ауқымында бұл ел 7-ші орын алды.


Варшавада Қазақстан мен Польша сыртқы істер министрлері бас қосты

ERNUR.KZ. Қазақстан-Польша қарым-қатынасы - Орталық Азиядан Орталық Еуропаға дейінгі кеңістікте ынтымақтастықтың маңызды факторы, деп жазады ҚазАқпарат.

Тығыз тарихи байланыстарға және соңғы ондаған жылдар бойы қалыптасқан табысты ынтымақтастықтың тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан мен Польша саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі жан-жақты нығайтуға ниетті және оны жүзеге асыру үшін әлі де толық іске аспай келе жатқан үлкен әлеуетті пайдаланбақ. Варшавада өткен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Яцек Чапутовичтің келіссөздері осындай қарқынмен өтті.

«Сындарлы және жылы өткен келіссөздер барысында тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі саяси байланыстардың оң серпініне қанағаттанарлық білдірді. 2016-2017 жылдарда өткен екі елдің президенттері деңгейіндегі мемлекеттік сапарлар, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дуданың 2018 жылғы қаңтарда Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы шеңберінде кездесуі соңғы жылдардың негізгі оқиғалары болды. Қарым-қатынастарды дамыту бойынша министрлер деңгейінде сапарлармен алмасуды өткізу, сондай-ақ сыртқы істер министрліктері арасында екіжақты саяси және консулдық консультацияларды өткізу жоспарланды. Кездесу барысында басым назар сауда-экономикалық серіктестікке аударылды. Нұр-Сұлтанның Варшаваға деген қызығушылығы түсінікті - 2018 жылы Польша әлемнің ең ірі экономикалары рейтингінде 22-ші орынға ие болды, ал Еуропалық Одақ ауқымында бұл ел 7-ші орын алды» делінген хабарламада.

2018 жылы 1,2 миллиард АҚШ долларын құраған және осы жылдың бастапқы айларында қарқынды екі еселеп өсіп келе жатқан екіжақты тауар айналымы атап өтілді. Поляктардың Орталық Азия елдерімен тауар айналымының 80 пайызы Қазақстанмен жүгізіледі; тікелей инвестициялары 230 миллион доллардан асатын ҚР-да поляк капиаталының қатысуымен 200-ден аса кәсіпорындар жұмыс жасайды. Ауыл шаруашылығы, машина жасау, табиғи ресурстарды бірлесіп өңдеу, әскери-өндіріс кешені, туризм, озық технологиялар, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы алаңындағы іс-қимылдар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары ретінде көрсетілді. «Белдеу және Жол» бастамасын іске асыру тұрғысынан Қазақстан мен Польшаның Еуразиялық континенттің Батысы мен Шығысы арасындағы магистралдық жолдарда тиімді орналасқанын ескере отырып, тұрақты әрі бәсекеге жарамды көлік-логистикалық жобаларды енгізу бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңызы атап өтілді. Азиядан Еуропаға транзиттік жүктерді тасу үшін маңызды хаб ретінде қазіргі кезеңде жаңартылған Гданьск айлағын Балтық теңізінде тиімді пайдалану басты бағыттардың бірі ретінде аталып өтілді. Сонымен қатар, транзит-көліктік ынтымақтастығы бағытында 2017 жылғы мамырдан бастап LOT Polish Airlines әуе компаниясымен орындалатын Варшава мен Нұр-Сұлтан арасындағы тікелей әуе рейсінің, қазіргі кезде аптасына төрт рет, оң мультипликативтік әсері назарға алынды.

Инвестициялық ынтымақтастықтың табысты жобасы ретінде Polpharma поляк компаниясы көрсетілді, ол Қазақстан-Польша бірлескен кәсіпорындары арасындағы рейтінгтің басында орын алуда. Тиімділікті арттыру мақсатында «Қазақстан-Польша» Іскерлік кеңесін құру және ЕАЭО, ЕО, ҚХР және Орталық Азия нарықтарына шығару әлеуеті бар қазақстандық және поляк экспорттық тауарларының бірлескен каталогын жасау туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Б. Атамқұлов Қазақстан Үкіметінің ұлттық экономиканы әртараптандыру шаралары және мемлекеттік сыңайлы секторларды жекешелендіру бағдарламалары туралы, сондай-ақ инвестицияларды тарту және шет елдерге қазақстандық экспорттарды жылжыту бойынша СІМ-нің жаңа бағыттарыммен таныстырды.

Мәдени-гуманитарлық байланыстарға маңызды назар аударылды. Елдеріміз арасында «жанды достық көпірі» саналатын 34-мыңдық поляк диаспорасы мен Польшада білім алатын мыңға жуық қазақстандық студенттердің әлеуетін пайдалану қажеттілігі айтылды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында екі елдің көркем әдебиет мұраларының көрнекті туындыларын қазақ және поляк тілдеріне аудару жөнінде ұсыныстар жасалды. Халықаралық күн тәртібі тұрғысынан Қазақстан мен Польша арасындағы іс-қимылдың дамушы маңызы атап өтілді.

«Қазақстан-поляк қарым-қатынасы өзара құрмет пен бір-бірінің мүддесін есепке алу негізінде қалыптасқан және кез келген үшінші тараптың мүддесіне қарсы бағытталмаған, Орталық Азиядан Орталық Еуропаға дейінгі кеңістікте геосаяси және геоэкономикалық сәулетті құрудағы маңызды жалғас бола алатын өзіндік келбеті бар елдер», - деп атап өтті қазақстандық министр БАҚ алдындағы бірлекен баспасөз брифингінде.

Сондай-ақ Б.Атамқұлов 2018-2019 жылдары Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақсыз мүшелігінің екінші жылының басымдылықтарын оң бағалай отырып, Варшаваның әлемдік саясаттағы рөліне назар аударды. Өз кезегінде, Польшаның Сыртқы істер министрі 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшесі ретінде Қазақстанның жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтудағы табыстарын атап өтті. Сонымен қатар, Орталық Азия бойынша ЕО стратегиясының жаңарту тұрғысынан «ҚР-ЕО» және «ОА-ЕО» форматтары ынтымақтастығының перспективалары бойынша пікір алмасты. Білім саласындағы ынтымақтастықтың үйлестірушілері ретінде Польша мен Латвия ЕО-ның қазіргі Орталық Азия бойынша Стратегиясының іске асуында басты рөл атқарады. Б. Атамқұлов пен Я. Чапутовчитің бағалауы бойынша, Варшавада өткен келісссөздер екіжақты өзара іс-қимылдарды дамытудағы маңызды іс болды, сонымен қатар байланыстардың барлық салаларында тың бастамаларды тудыруға мүмкіндік берді. ҚР Сыртқы істер министрінің жұмыс сапары екі елдегі ішкі оқиғалардың маңызды жағдайында өтті. Қазақстанда ү.ж. 9 маусымда президентік сайлау өтеді, ал Польшада - 26 мамырда Еуропалық Парламентке және қазанда ұлттық парламентке сайлаулар өтеді.