Вице-министр қандастар жерді қандай мақсатта ала алатынын түсіндірді

0
2 421

Қандастар ауыл шаруашылығы жерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға ала алады.


Вице-министр қандастар жерді қандай мақсатта ала алатынын түсіндірді

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов қандастар Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана ауыл шаруашылығы жерін жалға ала алатынын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Жер кодексінің кейбір нормаларына енгізіген мораторий мерзімі аяқталған соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 ақпанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу туралы саяси шешім қабылдады», - деді вице-министр заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының отырысында.

Сондай-ақ Рүстем Құрманов қандастардың қосалқы шаруашылық, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер алуға мүмкіндігі барын, бірақ, ауыл шаруашылығы жерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға ала алатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, 12 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретіндегі заң шығаруға бастамашылық ету құқығын пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдады. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды.