WhatsApp арқылы құжат пен карта фотосын жібермеген жөн – ҚР ІІМ

0
2 535

Бұл өзіңізді қауіпсіздендіру үшін керек.


WhatsApp арқылы құжат пен карта фотосын жібермеген жөн – ҚР ІІМ

ERNUR.KZ. ІІМ өкілдері қазақстандықтарға WhatsApp арқылы жеке куәліктер мен банк карталарының фотосуреттерін жібермеуге кеңес берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Парольдерді жиі өзгерту керек (әлеуметтік желілерде, телефонда) себебі қазір телефонда барлығы сақталады, мұның барлығы өзіңізді қауіпсіздендіру үшін керек. Әрқайсыңыз жеке куәліктің фотосуретін жақын адамға WhatsApp арқылы жіберген шығарсыздар немесе банк картасының суретін, картаның кері жағын жолдап көрген шығарсыздар. Бұлай жасауға болмайды, өйткені бұл онлайн сауда жасау үшін жеткілікті. Интернетті пайдаланудың қарапайым ережелері бар», - деді Криминалдық полиция департаменті киберқылмыспен күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев ІІМ-де өткен брифингте.