Якутиядағы орман өртінің түтіні Павлодарға жетті

0
559

Якутияның 12 ауданында орман өртеніп жатыр.


Якутиядағы орман өртінің түтіні Павлодарға жетті

ERNUR.KZ. Якутиядағы орман өртінің салдарынан Павлодар қаласы мен облыстың бірнеше ауданын түтін басты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ресей Федерациясында Якутия аумағында 2 аптадан бері орман өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта тілсіз жау 1,5 млн гектар жерді шарпып үлгерді. Өрт салдарынан облыстың бірнеше ауданын, оның ішінде Павлодар қаласын да бар түтін басты. Дегенмен алаңдауға себеп жоқ және экологияның нашарлауына да салдарын тигізбейді. Жуырда түтін басылады», - деп хабарлайды ТЖД.

Еске сала кетсек, бұған дейін Якутияның 12 ауданында орман өртеніп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.