Енгізілген режимдер қызметкерлерден қосымша тіркеуді талап етпейді және оларға қосымша қаржылық жүктеме артпайды.
ERNUR.KZ. Елімізде «тәуелсіз жұмыскер» деген санат пайда болады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов осындай мәлімет айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Мұндай қызметкерлердің жұмысы онлайн платформалар офертасына қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқарылса, онда бұл жұмыскерлер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады. Мысалы, «Яндекс» онлайн платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер осы санаттағы жұмыскерлер қатарына кіргізіледі. Онлайн-платформа операторлары қолданыстағы салық режиміне сәйкес жұмыскерлерге салық төлемдерді және әлеуметтік аударымдарды аударатын болады. Бұл ретте тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы жұмыскерлер секілді республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы болады», - деді вице-министр.
Оның сөзінше, енгізілген режимдер қызметкерлерден қосымша тіркеуді талап етпейді және оларға қосымша қаржылық жүктеме артпайды.