"Яндекс.Такси" Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін сотқа берді

0
494

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.


ERNUR.KZ. 30 желтоқсанда сот "Яндекс.ТаксиКорп ЖШС-нің талап арызын ішінара қанағаттандырды. Компания Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеу жүргізу жөніндегі әрекеті мен бұйрығына қарсылық білдіру үшін сотқа шағым түсірді, деп жазады zakon.kz.

"Уәкілетті орган 2021 жылғы 1 тамыздан 2022 жылғы 19 қыркүйек аралығы тексеру кезеңі деп анықталды. Кәсіпкерлік кодекстің 218-бабының талаптарына сәйкес, монополияға қарсы орган тергеу жүргізгенге дейін нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді".Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі

Уәкілетті орган тек 2020 және 2021 жылдардағы тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жасағаны анықталды.

Сот 2022 жылға тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жасалмағанын ескеріп, 2022 жылғы тексерілетін кезең бөлігінде дауланған бұйрықты заңсыз деп танып, әкімшілік талапты ішінара қанағаттандырды.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

20 қыркүйек күні ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Яндекс.Такси" көлік компаниясын тексеріп жатқанын хабарлады.