«YDD Corporation» ЖШС - Қарағанды ферроқорытпа зауыты. Ерлан Нығматулин зауыттың акционері.
ERNUR.KZ. YDD corporation» компаниясы Ерлан Нығматулиннің қамауға алынғаны туралы кейбір БАҚ пен желі парақшаларында жарияланған ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп жазады Azattyq Ruhy.
«Кейбір желі парақшаларында Ерлан Нығматулиннің тұтқындалғаны туралы хабарлама тарап жатыр, өз кезегімізде бұл ақпарат жалған екенін хабарлаймыз»,- делінген «YDD corporation» компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ компания азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілік бойынша қудалауға әкеліп соқтыратынын еске салады.
«YDD Corporation» ЖШС - Қарағанды ферроқорытпа зауыты. Ерлан Нығматулин зауыттың акционері.