2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы Жарлыққа қол қойды.
2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, генерал-лейтенант әскери атағы Жанжүменов Талғат Жеңісұлына;
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлына, Өсіпов Марат Сапарұлына;
сыртқы барлау генерал-лейтенант арнаулы атағы Байжанов Ғабит Жақыпбайұлына;
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлына;
генерал-майор әскери атағы Абыкеев Ұларбек Ташықұлұлына, Әбубәкіров Қаныш Асанханұлына, Бочаров Дмитрий Владимировичке, Көпбаев Қайрат Рашидұлына, Қалиев Арман Зарлықұлына, Ізтілеуов Серік Бақытжанұлына;
авиация генерал-майоры әскери атағы Подгайский Евгений Евгеньевичке;
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Оңғарбаев Сабыржан Ибрагимұлына, Рақымбердиев Бақытбек Төлешұлына;
сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Оразов Нұрлан Оразұлына;
полиция генерал-майоры арнаулы атағы Абисатов Махамбет Хайыржанұлына, Баймурзин Арманбек Хакімбекұлына, Қабденов Мұрат Талапұлына, Сүлейменов Жанат Қуанышұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Дембаев Болат Бекназарұлына, Жылқыбаев Азамат Сембайұлына;
3-санатты жоғары біліктілік сыныбы Әзбергенов Дулат Байдалыұлына берілді.
Жарлық мәтіні баспасөзде жарияланды.