Елімізде табыт бағасы мен жерлеу қызметі қымбаттады

0
2 541

2018 жылдың ақпан айында орташа есеппен табыт бағасы 14,8 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5% қымбат.


Елімізде табыт бағасы мен жерлеу қызметі қымбаттады

Қазақстанда табыт жасау бағасы 6%, ал жерлеу қызметі 4%-ға қымбаттады, - деп хабарлайды Kaz.karavan.kz.

2018 жылдың ақпан айында орташа есеппен табыт бағасы 14,8 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5% қымбат. Астанада мемлекет бойынша табыт бағасы өзге қалалардан қымбат. Аталған қалада бір табыттың орташа бағасы — 30,1 мың теңге. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 4,3% қымбат.

Атырау қаласында табыт бағасы — 22,9 мың теңге болса, Көкшетауда 18,2 мың теңге. Павлодарда табыт бағасы екі есе қымбаттаған. 2017 жылы 11 теңге болса, биыл 17 мыңға жетіп отыр.

Сондай-ақ, жерлеу қызметі де қымбаттап отыр. Аталған қызмет түрінің бағасы 3,7% өсіп, 21 мың теңге болды. Ақтөбеде — 41,2 мың, Көкшетауда — 39,7 мың, ал Қарағандыда — 38 мың.

Павлодарда жерлеу қызметі — 32,5%, Петропавлда — 27,4% қымбаттаса, ал Семейде кересінше 3,6% арзандаған.