Елімізде тұңғыш сотсыз татуласу орталығы құрылады

0
2 869

Қызылорда облысында еліміздегі алғашқы «Сотсыз татуласу орталығы» құрылады. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында аталған өңірдің әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде тұңғыш сотсыз татуласу орталығы құрылады

Қызылорда облысында еліміздегі алғашқы «Сотсыз татуласу орталығы» құрылады. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында аталған өңірдің әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Қарап отырсақ, облыста көптеген кикілжің мәселелерді тек сот арқылы шешіледі екен. Қазақ бірімен-бірі тек сот арқылы сөйлесетін сияқты болып бара жатыр. Сондықтан да ҚР Жоғарғы Сотымен бірлесе отырып, рухани жаңғыру аясында қоғамда даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту мақсатында «Сотсыз татуласу орталығын» Қызылордада құру туралы пилоттық жобаны іске асыруға кірістік», - деп атап өтті Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Қазақ ежелден ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін берік ұстанған, рухани құндылықтарын ұлықтаған халық. Кезінде билер институты, ақсақалдар алқасы болған, шетте шыққанды шеттетпеген, тентекті түзей білген ел ретінде осындай орталықтың болуы өте маңызды», - деді облыс әкімі.