Ерболат Досаев: Қарызды лайықты деңгейде басқарып отырғанымызды көрсету қажет

0
1 122

ҚР Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев мемлекеттік қарыз бойынша қадағалау күшейтілетінін мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік қарызды қауіпсіз деңгейде ұстап тұру жеке мәселе. Осыған дейін Ұлттық экономика министрлігіне Қаржы министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесе отырып оның жағдайын қадағалауды күшейту мен мониторинг жүргізу қажеттігі тапсырылған болатын», - деп тоқталды Е.Досаев. Сонымен қатар ол биылдан бастап квазимемлекеттік сектордың қарызын реттеу бойынша қажетті тетіктер қолға алынғанын еске салып өтті. «Бұл тұрғыда біз қалыпты жұмыс тетігін құруға тиістіміз. Осы ретте оны барлық тараптар қабылдап, талаптарды ұстануы тиіс. Атап айтқанда, керек болған жұмыстар басталып кетті, заңнамаға қажетті өзгерістерді Парламент қолдады. Енді тәжірибе жүзінде біз қарызды лайықты деңгейде басқарып отырғанымызды көрсетуіміз керек», - деді Үкімет басшысының орынбасары. Естеріңізге сала кетейік, биыл 9 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министріне мемлекеттік қарызды азайтуды тапсырды.