Ескерту: Жамбыл облысында дауыл соғады

0
1 288

14-15 ақпан күндері Жамбыл облысында жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с, оқта-текте 30 м/с-тен асатын жел соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады.


Ескерту: Жамбыл облысында дауыл соғады

"Қазгидромет" РМК Жамбыл облысында дауылды ескерту жариялады.

14-15 ақпан күндері Жамбыл облысында жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с, оқта-текте 30 м/с-тен асатын жел соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады.

14 ақпанда таулы және тау бөктері аудандарында қалың қар жауады, кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжануда.

"Таразда 14 ақпан күні желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, кей кезде 30 м/с-тен асады", — делінген хабарламада.