ЮНЕСКО Алматыда тарихи-мәдени ландшафтарды қорғау бойынша семинар өткізеді

0
1 221

ЮНЕСКО наурыз айында Алматы қаласынд Орта Азия елдерінің мамандарына аймақтың серпінді дамуы аясында тарихи-мәдени ландшафтарды қорғау бойынша семинар өткізуді жоспарлап отыр.


ЮНЕСКО Алматыда тарихи-мәдени ландшафтарды қорғау бойынша семинар өткізеді

Иллюстрияциялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

Биыл 5-6 наурызында Алматы қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мамандары үшін аймақтың серпінді дамуы аясында тарихи-мәдени ландшафтарды қорғау бойынша семинар өтеді - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тарихи тұрғы және қазіргі заман бір-бірінің рөлін және де маңыздылығын өзара нығайта алады. Сонымен қатар, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардың қарқынды дамуына байланысты мәдени ескерткіш, қоршаған көрініс пен қалалардың өзгеруі мүмкін екеніндігін түсіну өте маңызды.
ЮНЕСКО тарихи пейзаждарды басқаруға кешенді көзқарастың маңызды екенін ескертеді. Сондықтан мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы конвенцияны жүзеге асыру, сондай-ақ, тарихи қалалық пейзаждарға бағытталған тәсілдерді енгізу алдағы семинардың басты тақырыбы болады. Семинар қатысушылары мұраны қорғауға, ақпаратты таратуға және инновацияларды қолдануға арналған жаңа тәсілдерді іздеуге көбірек адамдарды тарту мүмкіндігін талқылайды. Семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің өкілдері мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мамандары қатысады. Семинарға ЮНЕСКО-ның кеңесшісі, Катри Лисицин негізгі баяндамашы ретінде қатысады, ол мәдени мұраны басқару, архитектура, қала құрылысы және архитектураны сақтау жөніндегі халықаралық сарапшысы, ИККРОМ тренері (Халықаралық Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру ғылыми-зерттеу орталығы) және ИКОМОС (ескерткіштер мен мекендерді қорғау жөніндегі Халықаралық Кеңес) сарапшысы.
Семинар 2019 жылдың 5-6 наурызында, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық көшесі, 52/2, Қазақстан мейманхана сының «Алтын Емел» конференц-залында өтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін: ЮНЕСКО-ның Мәдениет бөлімінің ассистенті Евгения Лебедева, +7 727 258 4326 (ішкі 1408), e-mail: y.lebedeva@unesco.org .
Аккредитация жөнінде: ЮНЕСКО ассистенті Айгүл Кудиярова, тел. +7 727 258 4326 (ішкі 1425), e-mail: a.kudiyarova@unesco.org .