Юрий Ильин «Қазавиақұтқару» ұшқыштарының жұмыстан кетуге жаппай өтініш беруіне пікір білдірді

0
359

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ол қазіргі уақытта барлық 23 өтініш бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.


Юрий Ильин «Қазавиақұтқару» ұшқыштарының жұмыстан кетуге жаппай өтініш беруіне пікір білдірді

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Қазавиақұтқару» ұшқыштарының жұмыстан кетуге жаппай өтініш беруіне қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ол қазіргі уақытта барлық 23 өтініш бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Талап пен наразылық жалақыға да байланысты болды. Бірақ қазіргі ұшқыштар құрамы, оның ішінде аталған ұшқыштар да жалақы алып отырды және ұшулар жүзеге асырғаны үшін қомақты ақшалай қаражат алды. Ұшқыштардың бір жыл ішіндегі табысы 20 млн теңгеден асып түседі. Меніңше, азаматтық авиацияда, оның ішінде Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде мұндай жалақымен кез келгені мақатана алмайды», - деді министр.

Ол ұшқыштардың жұмыс жағдайына қатысты шағымдарына да тоқталды.

«Барлық уақытта құрамның тұратын және орналасқан жері бесжұлдызды қонақ үй талаптарына сай болуы тиіс емес. Әр жағдайды жеке қарастырамыз. Көптеген ұшқыш өздерін «Құдай және патша» санайды. Ұшқыш ұшып келе жатқанда ғана «Құдай және патша». Ол әуе кемесінің бортында өзімен бірге қандай лауазымды тұлға ұшып келе жатса да шешім қабылдауға құқылы. Борттың техникалық жай-күйіне немесе ауа райы жағдайына байланысты ұшуды не ұшпауды өзі шешеді. Ал жерде ол ТЖМ қызметкері және өзінің қызметтің міндетін орындауы тиіс», - деді Юрий Ильин.

Оның атап өтуінше, тексеру қорытындысында шешім қабылданатын болады. Ал әзірше ұшқыштардың ешқайсы жұмыстан шыққан жоқ.