Әйелімен мүлік бөліскісі келмеген алматылық 205 мың долларын алаяққа беріп қойды

0
1 143

Оны анасының көршісі болып келетін адвокат әйел істі оң шешіп беретіндігін, яғни Жоғарғы соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі төрағасы арқылы шешетінін айтып сендірген.


Әйелімен мүлік бөліскісі келмеген алматылық 205 мың долларын алаяққа беріп қойды

Әйелімен ажырасқанда мүлкін тең бөліскісі келмеген алматылық кәсіпкердің 205 мың доллар ақшасын алаяқтықпен алған адвокатқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот үкіміне сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылы кәсіпкер әйелімен ажырасу кезінде мүлікті тең бөліскісі келмеген. Оны анасының көршісі болып келетін адвокат әйел істі оң шешіп беретіндігін, яғни Жоғарғы соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі төрағасы арқылы шешетінін айтып сендірген.

Осылайша адвокат кәсіпкерден жалпы 205 мың доллар қаражат алған. Алайда апелляциялық сот бәрібір де кәсіпкерді әйелімен мүлкін тең бөлісуге міндеттейтін қаулыны өзгеріссіз қалдырған. Содан ол адвокаттың үстінен сотқа арыз жазған.

Арызында ол адвокаттың үш жыл бойы төленген жалақысын және осы уақыт бойы жол жүруге кеткен шығынын өтеуін сұраған.

"Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Айыпкер "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рахымшылық жасау туралы" ҚР заңының 4-бабының 1-бөлігі 4-тармақшасын қолданып, оған түпкілікті 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталушы ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, пробациялық бақылау белгіленсін", - деп оқыды судья үкімді.

Сондай-ақ, сотталушы адвокаттық қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырылды. Оның үстіне, сот үкімімен адвокат күйеуінің атындағы кепілде тұрған екіқабатты үйін және 36 миллион теңгеге жуық қаражатты зардап шеккен кәсіпкерге өтемақы ретінде беруге міндеттелді.