Заң бұзған Африка азаматтары елден шығарылды

0
405

Олар мәжбүрлі түрде елден шығарылып, Отанына қайтару жұмыстары ұйымдастырылды.


Заң бұзған Африка азаматтары елден шығарылды

ERNUR.KZ. "Заңсыз" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Алматының көші-қон қызметі Африка құрлығының 3 азаматын мәжбүрлі түрде елден шығарып, Отанына қайтаруды ұйымдастырды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл шетелдіктер Қазақстанда болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған. Атап айтқанда, олар заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды, - деді, Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.