Заңсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімі жарияланды

0
495

Тізімге 121 субъект, оның ішінде қаржы пирамидасының белгілері бар 56 ұйым және 65 заңсыз инвестициялық делдал (жалған брокер) енгізілді.


Заңсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады, деп жазады baq.kz.

Тізімге 121 субъект, оның ішінде қаржы пирамидасының белгілері бар 56 ұйым және 65 заңсыз инвестициялық делдал (жалған брокер) енгізілді. Агенттік олардың қызметінде заңсыз қызмет белгілерін анықтаған.

Тізімді жариялау қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған және осындай компанияларға байланысты тәуекелдердің уақтылы алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге осындай тізімді қалыптастыру нарықтағы әділ бәсекелестікті қолдауды және заңсыз қызмет белгілері бар субъектілерді тиімді түрде анықтауды қамтамасыз етеді.

Агенттік қаржы нарығындағы заңсыз қатысушыларды былай анықтайды:

- интернеттегі ақпараттық кеңістікті мониторингтеу;
- блогтар, форумдар, бейнехостингтер және мессенджерлер арқылы әлеуметтік желілерді мониторингтеу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (ағымдағы жылдың басынан бастап Агенттікке күмәнді компаниялардың қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 125 өтініш келіп түсті);
- азаматтық қоғам институттарын білдіретін мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде анықтайды.

Барынша тиімді хабардар болу мақсатында, Агенттік қаржы нарығының барлық субъектісіне күдікті компаниялар туралы хабарлайды. Сондай-ақ осындай компаниялардың сайттарын одан әрі тексеру және бұғаттау үшін құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдармен өзара әрекет етеді.

Заңсыз қызмет белгілері бар әрбір компания бойынша атауы, сайт мекенжайы, заңсыз қызмет сипаты көрсетілген. Бұдан әрі ақпарат тұрақты түрде жаңартылып отырады.