Заңсыз ойын бизнесінен 23 мың доллар тәркіленді

0
1 319

Олар сауда орталықтары, супермаркеттер, дүкендердің алдында жалған лотереялық электронды терминалдар орнатқан.


Заңсыз ойын бизнесінен 23 мың доллар тәркіленді

ERNUR.KZ. Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық зерттеу қызметі 3 ұйымдасқан қылмыс тобын ұстады. Бұл топтар заңсыз ойын бизнесімен айналысып келген, деп жазады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда олар сауда орталықтары, супермаркеттер, дүкендердің алдында жалған лотереялық электронды терминалдар орнатқан.

Сонымен қатар Алматы қаласында заңсыз ойын залдарын ашқан қылмыстық топ әшкереленді.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 262-бабы бойынша «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, топ құрамында әрекет ету» деген айыппен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Одан бөлек 4 астыртын казино, 31 заңсыз ойын мекемесінің қызметі шектелді, 26 қылмыстық іс қозғалды.

Көлеңкелі айналымнан жалпы алғанда, 180 электронды ойын терминалы, 23 мың АҚШ доллары, 6,5 млн теңге, 4 покер үстелі, ойын картасы мен фишкалар тәркіленді.

ЭЗҚ өкілдері Алматы бойынша 29 ойын залының жұмысын тоқтатты.

Тексеру барысында «Бинго-37», «888» бағдарламалары орнатылған 400-ден астам ойын компьютері, 3 316 000 теңге, 40 ойын автоматы, 40 флешкарта тәркіленді. Қазір аталған дерек бойынша іс материалдары Алмалы аудандық сотына жіберілді.

Айта кету керек, ҚР Ойын бизнесі туралы заңнама бойынша бұл бизнесті тек Алматы облысындағы Қапшағайда және Ақмола облысындағы Щучинск ауданында жүргізуге рұқсат етілген.

ҚР Лотерея және лотереялық қызмет туралы заң бойынша лотерея ойындарын арнайы лицензиясы бар оператормен бірігіп жүргізуге болады. ҚР Үкіметінің қаулысымен лотерея ойындарын жүргізуге «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ға ғана лицензия берілген. Кез-келген лотерея қызметіне «Сәтті Жұлдыз» АҚ қатысы болмаса, ол заңсыз болып табылады.