​Заңсыз жүрген 200-ге жуық шетелдік Қазақстаннан қуылды

0
1 336

Соңғы жарты жылда соттың үкімімен 197 шетелдік елден қуылып, 1500 адам - әкімшілік жауапқа тартылған.


​Заңсыз жүрген 200-ге жуық шетелдік Қазақстаннан қуылды

ERNUR.KZ.Соңғы жарты жылда соттың үкімімен 197 шетелдік елден қуылып, 1500 адам - әкімшілік жауапқа тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі ІІД көші-қон полициясының бөлімі жарты жылдың ішінде заңсыз көші-қон арналарын жабу үшін «Мигрант», «Тәртіп сақшысы», «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді. Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев атап өткендей, 1 526 адам әкімшілік жауапқа тартылып, соның ішінде елде болу ережесін 1293 шетелдік, атап айтқанда 1247 ТМД, 46 алыс шетел азаматы бұзған. Соттың үкімімен 197 шетелдік елден қуылған.