Зардап шеккендердің залалы «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС есебінен өтеледі- әкімдік

0
1 078

Төтенше жағдайдан шығынға ұшыраған азаматтардың өтініштерін қабылдау жалғасуда.


Зардап шеккендердің залалы «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС есебінен өтеледі- әкімдік

ERNUR.KZ. Екібастұз қаласында болған төтенше жағдай аймағында зардап шеккен азаматтардың залалын өтеу «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС есебінен жүргізіледі, деп жазады ulysmedia.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тұрғындар жылумен жабдықтау мәселелерімен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС апаттық қызметіне тәулік бойы жүгіне алады. Үй-жайларда қажетті температуралық режим белгіленгеннен кейін мектептер мен балабақшалардың жұмысын штаттық режимде қайта бастау жоспарланып отыр.

Төтенше жағдайдан шығынға ұшыраған азаматтардың өтініштерін қабылдау жалғасуда. Өтініштер тіркелгеннен кейін одан әрі өтеу үшін залалды айқындай отырып, тұрғын үйді комиссиялық тексеру жүргізіледі.

ТЖ аймағында зардап шеккен азаматтардың залалын өтеу «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС есебінен жүргізіледі.

Жылусыз қалған үйлер қараша және желтоқсан айларында ақы төлемейді, қалған жағдайларда – қайта есептеу жүргізіледі.

«Төтенше жағдай режимі кезінде тұтынылған электр энергиясының қызметтерін қайта есептеу мәселелері қарастырылуда», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды. Кейін жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

Апат себебі ретінде жылу желілерінің тозуы, жылу орталығы басшылығының немқұрайлылығы мен инвестициялардың жеткіліксіздігі аталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғанша Екібастұзда болады.