Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Наурыз мерекесін өткізген Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы соңғы 8 айда атқарған жұмыстарына шолу жасады, деп хабарлайды Baq.kz.
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Наурыз мерекесін өткізген Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы соңғы 8 айда атқарған жұмыстарына шолу жасады, деп хабарлайды Baq.kz.
Жиналған халық алдында өзі келгелі бері атқарылған жұмыстарға шолу жасаған Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков шеттен келген қандастарымыздың тиісті дәрежеде танылмай жүргендігін айтты.
«Елге келген бауырларымыздың саны 1 миллионнан асты дейміз ғой. Бала-шағасымен олар біраз жерге барып қалды. Сондықтан елге келген азаматтарды көбісі білмейді. Небір мықты азаматтар келді елімізге. Сол Ресейден, сол Қытайдан, сол Өзбекстаннан, сол Моңғолиядан. Міне, алдарыңызда Қаржаубай ағамыз (Сартқожаұлы) отыр. Күлтегіннің тасын сөйлеткен. Біздің түркі халқының тарихын жазып отыр. Бұл кісі бір қазақтың ғана емес, бүкіл түркі халқының мақтанышы» - деді Зауытбек Тұрысбеков.
Оның айтуына қарағанда осындай қазақ елінің өркендеуіне, білімі мен ғылымына, руханиятына еңбегі сіңген азаматтар жайлы шағын деректі фильмдер жасалған.
«Аманшылық болса, алдағы екі-үш айда бұл фильмді бітіреміз. Бұл алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады. Бұл ең әуелі шеттен келген қандас-бауырларымыздың еңбегін танытуда, олардың елімізге, атажұртына сіңірген қызметін танытуда үлкен рөл атқаратын болады. Бұл шағын фильмдерді біз әуелі жастарға көрсететін боламыз. Себебі қазір жастар ұзақ уақыт алатын киноларды қарап отырмайды. Қолындағы соткасына ыңғайлы, аз уақытта көп дүниені қамтыған роликтерді көреді. Сол арқылы біз елге таныстыруымыз керек. Ел білуі керек, Қазақстанға келген 1 миллион жәй халық емес, даналар келген. Елім-жерім деп, өз елімізге үлес қосамыз деп келген жандар олар» - деді Зауытбек Тұрысбеков.