Зейнет жасын төмендету мәселесі талқыланады – Тоғжанов

0
681

Вице-премьер қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесі күн тәртібінде тұрғанын атап өтті. ​


Зейнет жасын төмендету мәселесі талқыланады – Тоғжанов

ERNUR.KZ. Зейнет жасын төмендету мәселесін шахтерлер ғана емес, мүгедек баласы бар аналар да көтеріп жүр. Қазақстан үкіметі зейнет жасын төмендету мәселесін талқылауға дайын. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Ол бұл мәселеде халықаралық тәжірибе ескерілетінін айтты.
"Жалпы алғанда халықаралық тәжірибе зейнет жасын төмендетуді көздемейді. Бүгінде бұл мәселені шахтерлер ғана көтеріп жүрген жоқ. Мүгедек баласы бар аналар да қозғап жүр. Сол себепті біз талқылаймыз. Жыл соңына қарай Әлеуметтік кодекс талқыланады. Бірнеше талқылау өтеді, сіздер де оған қатысасыздар", - деді Тоғжанов үкімет кулуарында журналистерге.
Вице-премьер қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесі күн тәртібінде тұрғанын атап өтті.