Зейнет жасын төмендету мәселесін Үкімет талқылаған жоқ – Вице-Премьер

0
520

Оның айтуынша, кез келген өзгеріс терең есептеулер мен салалық талқылауды қажет етеді.


Зейнет жасын төмендету мәселесін Үкімет талқылаған жоқ – Вице-Премьер

ERNUR.KZ. Премьер-Министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесі еш қарастырылмағанын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Өткен аптада Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнет жасын төмендету мәселесі талқылау сатысында деген еді. Журналистер бүгін Үкімет үйінде Е. Жамаубаевтан осы мәселені сұрап көрді.

«Әзірге бұл тақырып (зейнет жасын төмендету – ред.) қаралған жоқ», - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.

Сондай-ақ, ол зейнетақы жасын төмендету бойынша есептеулерге қатысты мәселеге түсініктеме берді.

«Зейнетақы төлемдеріне жыл сайын 2,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Кез келген өзгеріс триллиондармен саналады. Үкімет бұл мәселені талқылаған жоқ. Арнайы заң бар», - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, кез келген өзгеріс терең есептеулер мен салалық талқылауды қажет етеді.

Қаржы министрінің айтуынша, нақты талқылау әлі болған жоқ.

«Жыл сайын республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 2,2 трлн теңге бөлеміз. Еңбек министрлігінде көптеген жақсы бағдарламалар бар, соның ішінде «Күміс жасын» атауға болады. Бұл бағдарламаларға белгілі бір қаражат бөлінеді. Әзірге біз қолданыстағы заңға сүйенеміз», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Бұған дейін Қаржы министрі өзінің қанша жалақы алатынын айтқан еді.