Зейнетақы жинағын депозитке аудару: Алты сағат ішінде 30 млрд теңге алуға өтінім берілді

0
939

16 желтоқсаннан бастап enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында - «Отбасы банкіндегі салымды толықтыру» батырмасы пайда болды.


Зейнетақы жинағын депозитке аудару: Алты сағат ішінде 30 млрд теңге алуға өтінім берілді

ERNUR.KZ. Зейнетақы қорындағы жинақтар есебінен депозиттерді толтыру мүмкіндігі пайда болғаннан кейін 6 сағат ішінде қазақстандықтар 30 млрд теңге алуға өтінім берді, деп жазады inform.kz

«enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында - зейнетақы жинақтарын Отбасы банкіндегі депозитке аудару мүмкіндігі пайда болған алғашқы 6 сағатың ішінде қазақстандықтар өз депозиттеріне 30 миллиард теңге аударғуға өтінім берген», - делінген банк хабарламасында.

Ол үшін enpf-otbasy.kz онлайн-платформасына ЭЦҚ көмегімен кіріп, «Мақсатты таңдау» пернесін басып, «Тұрғын үй сатып алу» бөлімінде «Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру» - деген мақсатты таңдау қажет.

Еске салсақ, 16 желтоқсаннан бастап enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында - «Отбасы банкіндегі салымды толықтыру» батырмасы пайда болды.

Сонымен қатар Зейнетақы жинағын банктегі депозитке аударған соң үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет. 2022 жылдың 1 қаңтарынан біржолғы зейнетақы төлемін алудың жеткіліктілік шегі 1,8 есе көтерілетіні мәлім етілген болатын. Кейін ҚР Президенті шекті межені 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін көтермеуді тапсырды.