Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті

0
736

Бұрын зейнетақыны Kaspi Gold-қа алу үшін картаны ауыстыруға ХҚО-ға барып, құжаттарды қайта рәсімдейтін.


Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті

ERNUR.KZ. Kaspi.kz зейнетақыны Kaspi Gold-пен алуға болатын жаңа қызметті іске қосты, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстанда зейнеткерлер зейнетақыны әртүрлі банктердің картасымен алады. Көптеген адамдар коммуналдық қызметтерді комиссиясыз ыңғайлы төлеп, заттарды тиімді сатып алу үшін ақшасын бірден Kaspi Gold -қа аударады.

Бұрын зейнетақыны Kaspi Gold-қа алу үшін картаны ауыстыруға ХҚО-ға барып, құжаттарды қайта рәсімдейтін. Енді үйден шықпай-ақ Kaspi.kz қосымшасында өтініш беру жеткілікті. Қайта рәсімдеуді Kaspi жүргізеді және клиент келесі зейнетақыны Kaspi Gold-қа алады.

Kaspi.kz-тің басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былай деді:

"Біз өз клиенттерімізге үнемі зейнетақыны басқа картадан Kaspi Gold-қа аударып жүру ыңғайсыз екенін түсінеміз. Біз сонымен қатар сүйікті клиенттеріміздің, әсіресе қарттардың, пандемия кезінде зейнетақыны Kaspi Gold-қа алуға өтініш беру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына барғанын қаламаймыз. Сондықтан біз Еңбек министрлігімен және "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-пен бірлесіп, зейнетақыны ең танымал Kaspi Gold картасына алуға арналған онлайн қызметті жасадық. Бізбен бірге болған әрбір сүйікті клиентімізге рақмет!".

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаева былай деп атап өтті:

"Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде екінші деңгейлі банктердің технологиялық платформаларын қолдану - халықты электронды мемлекеттік қызметтермен қамту аясын кеңейтуге және қызметті тұтынушыға рәсімдеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЕДБ-мен бірге зейнетақы төлемдерін алушылардың банктік шоттарының деректемелерін өзгерту қызметін енгізді. Осылайша, егер банктік деректемелерді өзгерту қажет болса, зейнетақы алушылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, тікелей банктер арқылы өтінім бере алады.

Министрлік бұл қызмет арқылы қолжетімді болатын әлеуметтік төлемдердің тізімін одан әрі кеңейтуді қарастырып жатыр".

Kaspi Gold картасы арқылы қазақстандықтар үйден шықпай-ақ, комиссиясыз коммуналдық қызметке, ұялы байланысқа және басқа да көптеген қызметтерге төлем жасап; жақын адамдарына жедел ақша аударып; дүкендерде зат сатып алады және Kaspi Бонустарын жинайды. Енді зейнеткерлер үшін Kaspi.kz -тің барлық қызметтерін пайдалану одан да жеңіл әрі ыңғайлы болды.