Зейнетке шыққан Тасмағанбетовтың міндетін кім атқаратыны белгілі болды

0
1 307

Президент жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов 18 желтоқсан күні Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылған болатын.


Зейнетке шыққан Тасмағанбетовтың міндетін кім атқаратыны белгілі болды

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі Нұржан Қажыақбаров елдің Ресейдегі уақытша сенімді өкілі болып тағайындалды. Ол елші тағайындалғанға дейін осы қызметте болады, деді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, деп жазады sputniknews.kz.

"Мен кеше арнайы бұйрыққа қол қойдым. Елшіліктегі екінші адам Нұржан Қажыақбаров Қазақстанның Ресейдегі уақытша сенімді өкілінің міндетін атқаратын болады", - деді ведомство басшысы.

Сыртқы саяси ведомство басшысы елші тағайындалып, Ресей президентіне сенім грамоталары тапсырылғанға дейін осы қызметті Қажыақбаров атқаратынын айтты.

Президент жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов 18 желтоқсан күні Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылған болатын.

"Мемлекеттік қызмет туралы" заңға сәйкес, президент мемлекеттік қызметшінің жұмыс мерзімін бес жылға дейін ұзарта алады. Алайда бұл жолы олай болмады.