Зеренді жылу құбырында апат болды

0
548

Зеренді ауданындағы жылу құбырының 200 метрден астам металл конструкциясы құлап кеткен.


Зеренді жылу құбырында апат болды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Зеренді ауданында жылу құбырында апат болып, 466 абонент жылусыз қалды, деп жазады stan.kz.

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Зеренді ауданындағы жылу құбырының 200 метрден астам металл конструкциясы құлап кеткен.

"Апаттың салдарынан 466 абонент жылусыз қалды. Бүгін кешке дейін абоненттер жылу қазандығына қосылады. Қазір кезде мамандар апаттың себептерін анықтап жатыр. Жылу құбырының құлаған учаскесін қалпына келтіру жұмыстары мердігер ұйыммен шарттық міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі. Мәселе жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - делінген хабарламада.