​Зейнеткер жастық пен табаны 530 мыңға сатып ала жаздаған

0
1 632

Осы жылдың наурыз айында алматылық 71 жастағы зейнеткер кейуана 530 мың теңгеге асүй табасы мен жастық сатып ала жаздады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Зейнеткер жастық пен табаны 530 мыңға сатып ала жаздаған

Осы жылдың наурыз айында алматылық 71 жастағы зейнеткер кейуана 530 мың теңгеге асүй табасы мен жастық сатып ала жаздады, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Время» газетіне сілтеме жасап.

Алматылық Надежда Радионовнаға телефон шалып, оның аты-жөні мен мекен-жайын атаған. Сонымен қатар оны кулинарлық шоуға және жаңа төсек жаймалары мен ыдыстардың ашылу салтанатына қатысуға шақырған.

Сәуір айының басында әлдебір компаниядан оған конверт келген. Бұл конвертте әдемі безендірілген шақыру билеті бар еді. Билеттің жанында «ТӨЛЕНГЕН» деген жазуы бар 100 мың теңгенің бағалау купоны мен жуғыш затты алуға арналған купон бар болатын. Аталмыш жуғыш заттың қуаты 1000 мәрте кір жууға жететін көрінеді.

Әжейдің немересінің сөзіне қарағанда, ол шақырту бойынша мейрамханалардың біріне барған. Ол жерде зейнет жасындағы 10 адам бар екен. Олардың барлығына кір жууға арналған домалақ шариктер мен төсек жаймалары және ыдыстар көрсетіледі. Менеджер Надежда Радионовнаны стол басына шақырып, фирма өнімдерінің орасан жеңілдіктеріне ие болғанын айтып, оларды сатып алуды ұсынады. Алайда зейнеткердің қолында нақты қаражат болмайды, себебі ол жинаған қаражатын депозитке сақтайды екен. Менеджер зейнеткерге депозиттен аталған соманы шешіп алу жөнінде ұсыныс айтады. Бірақ қаражатты шешіп алу мүмкін болмаған соң, менеджер оларға несие рәсімдеуге кеңес береді. Сатып алатын заттың жалпы сомасы 530 мың теңгеге жеткен. Сондағысы – жастық, кулинарлық таба және асүй құралы.

Надежда Радионовна өзінің алданғанын үйіне келгеннен кейін бір-ақ білген. Ол болған оқиғаны бастан-аяқ қызы мен немереріне айтып берген. Олар банкке жедел хабарласып, рәсімделген несие жабу жолдарын сұрайды. Оларға тауардан бас тарту жөнінде жазбаша өтініш бергенде ғана бұл мәселені шешуге болатыны жөнінде айтылады. Сонымен жағдай реттеліп, тауарлар кері қайтарылады.

Зейнеткердің немересі Алматы қаласындағы ІІД-не арызданған.