Екеуінде де қауіпті шекке жете қойған жоқ.
ERNUR.KZ. Жайық өзенінің деңгейі Индер ауданында 5 сантиметрге төмендеді. Алайда Махамбет ауданында 10 метрге жетті, деп жазады inbusiness.kz.
Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, 17 мамырда сағат 08:00-де Индербор кентінің тұсында өзен арнасы 10 метр 30 сантимер болған. Бұл қауіпті шектен +185 сантиметрге көп. Бірақ өткен тәуліктегі деңгейден 5 сантиметрге төмендеген.
Ал Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейіне +5 сантиметр қосылған. Қазір мұнда өзен суы 10 метрге жетті. Дәл қазір қауіпті шектен 1,5 метрге асып кетті.
Жайық өзенінің деңгейі Атырау қаласында да қауіпті шектен асып, 10 сантиметрге асып тұр. Шаһар маңында қауіпті шек – 550 сантиметр. Бүгін, 17 мамырда сағат 08:00-де өзен деңгейі +3 сантиметрге ұлғайып, 560 см болды.
Сондай-ақ, Атырау қаласының маңындағы Жаңаталап ауылында су арнасының деңгейі – 407, Еркінқала елді мекенінде 365 см көрсетіп тұр.