​ Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті белгіден асып кетті

0
321

Махамбет ауданында барлық балабақша жұмысын тоқтатқан.


​ Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті белгіден асып кетті

ERNUR.KZ. Төтенше жағдай бойынша жедел штаб Атырау облысы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша жедел мәлімет жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Жайық өзеніндегі су деңгейі 2024 жылғы 5 мамырда сағат 20.00-де 08.00-мен салыстырғанда былайша өзгерді:

Индербор ауылы + 15 см, су деңгейі – 867 см, қауіпті деңгейі – 845 см;
Махамбет ауылы + 7 см, су деңгейі – 853 см, қауіпті деңгейі – 850 см;
Атырау қаласы + 4 см, су деңгейі – 493 см, қауіпті деңгейі – 550 см.
Жаңаталап ауылы + 3 см, су деңгейі – 352 см, қауіпті деңгейі – 500 см;
Еркінқала ауылы + 3 см, су деңгейі – 312 см, қауіпті деңгейі – 450 см.

Сонымен қатар жедел штаб Махамбет ауданында барлық балабақша жұмысын тоқтатқанын хабарлады.

“Махамбат ауданы бойынша су тасқыны қаупі сейілмеуіне байланысты аудандық жедел штаб шешімімен 6 мамырдан бастап барлық бөбекжай-бақшалардың жұмысы тоқталылғанын хабарлаймыз”, – деп жазды Махамбат ауданының ТЖ бойынша жедел штабы.