Жайық суы Атырауда 6 метрге жетті

0
569

Руслан Шариевтың айтуынша, соңғы күндері Жайық өзенінің суы Махамбет ауданында шарықтау шегіне жеткен.


Жайық суы Атырауда 6 метрге жетті

ERNUR.KZ. Бүгін Жайық өзеніндегі су деңгейі Атырау қаласында 6 метрге жетті. Бірақ бұл әлі шарықтау шегі емес, деп жазады inform.kz.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Руслан Шариевтың айтуынша, соңғы күндері Жайық өзенінің суы Махамбет ауданында шарықтау шегіне жеткен.

«Ал Атырау қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі 6 метрге дейін көтеріліп тұр. Мол су әлі келіп жатыр. Су тасқыны Махамбет ауданынан бері аққан аққан су Жайық өзенінің Атырау қаласына дейінгі бөлігін толтырып, Соколок және Сарыөзек каналдарына да құйылып жатыр. Қазір су каналдардың арнасына сыймай тұр. Әзірге Атырау қаласында су тасқыны басталатын уақытты нақты болжай алмаймыз», - деді Руслан Шариев.