​Жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесі 10 есе төмендетілді

0
1 260

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді


​Жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесі 10 есе төмендетілді

ERNUR.KZ. ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасындағы жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту тапсырмасы орындалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

«Заңнамалық өзгерістер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Салық төлеушілердің арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджеттің шығындарын өтеу көзделген нормалар қолданылуда. Заңнамалылқ өзгерістерге қатысты: Салық кодексінде жалақысы 63125 төмен азаматтар үшін тәртіп өзгерді. Олардың салық жүктемесі 10 есе төмендетілді және 2 млн жуық жұмысшылар жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша кіріс алады», - деді вице-министр.

Дәленов жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеу бойынша өзгерістер 2019-2021 жылдары жергілікті бюджеттердің 93,7 млрд теңге көлеміндегі шығындарына әкелетінін айтты.

«Аталған шығындар республикалық бюджет комиссиясының 2018 жылғы 2 сәуірдегі отырысында қаралды және мақұлданды. Жергілікті бюджеттердің кірістері жеңілдік есебінен төмендемейді. Республикалық бюджетте 2019 жылы 29,1 млрд теңге көлеміндегі трансферттер көзделген. Қаржыландыру жоспарына сәйкес қаңтарда 2,3 млрд теңге аударылды. 200-2021 жылдардағы жергілікті бюджеттердің шығындары осы жылы жаңа үшжылдық бюджетте жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру кезінде ескерілетін болады», - деді ҰЭМ басшысының орынбасары.

Ол жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеу тапсырылғанын атап өтті. Соған сай халықаралық тәжірибе зерделеніп, жалдамалы еңбекке ақы төлеудегі ағымдағы жағдайға егжей-тегжейлі талдау жүргізілген. Жалпы алғанда жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту Жалақысы 63 мың теңгеден төмен жұмысшыларыдң салық жүктемесі 10 есе төмендетілді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасының жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту тапсырмасы орындалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді

«Заңнамалық өзгерістер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Салық төлеушілердің арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджеттің шығындарын өтеу көзделген нормалар қолданылуда. Заңнамалылқ өзгерістерге қатысты: Салық кодексінде жалақысы 63125 төмен азаматтар үшін тәртіп өзгерді. Олардың салық жүктемесі 10 есе төмендетілді және 2 млн жуық жұмысшылар жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша кіріс алады», - деді вице-министр.

Дәленов жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеу бойынша өзгерістер 2019-2021 жылдары жергілікті бюджеттердің 93,7 млрд теңге көлеміндегі шығындарына әкелетінін айтты.

«Аталған шығындар республикалық бюджет комиссиясының 2018 жылғы 2 сәуірдегі отырысында қаралды және мақұлданды. Жергілікті бюджеттердің кірістері жеңілдік есебінен төмендемейді. Республикалық бюджетте 2019 жылы 29,1 млрд теңге көлеміндегі трансферттер көзделген. Қаржыландыру жоспарына сәйкес қаңтарда 2,3 млрд теңге аударылды. 200-2021 жылдардағы жергілікті бюджеттердің шығындары осы жылы жаңа үшжылдық бюджетте жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру кезінде ескерілетін болады», - деді ҰЭМ басшысының орынбасары.

Ол жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеу тапсырылғанын атап өтті. Соған сай халықаралық тәжірибе зерделеніп, жалдамалы еңбекке ақы төлеудегі ағымдағы жағдайға егжей-тегжейлі талдау жүргізілген. Жалпы алғанда жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту.