Үкімет тұрғын үйді жалға алғаны үшін берілетін төлемге қатысты қаулы қабылдады

0
726

Осы қаулының негізінде министрлік баспанаға аса мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітетін болады.


Үкімет тұрғын үйді жалға алғаны үшін берілетін төлемге қатысты қаулы қабылдады

Үкімет тұрғын үйді жалға алғу үшін берілетін төлемдерге қатысты қаулыны қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 25 қаңтарда үкімет индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау үшін төлемдерді тағайындау және төлеу тәртібін айқындау жөнінде өкілеттіктер беретін қаулы қабылдады", - делінген ресми хабарламада.

Осы қаулының негізінде министрлік баспанаға аса мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітетін болады.