Жалған вакцинация құжатын жасады деп айыпталған медбике жазадан құтылып кетті

0
842

Ақтөбелік медбике бұл қызметі үшін әр адамнан 15 мың теңге алған.


Жалған вакцинация құжатын жасады деп айыпталған медбике жазадан құтылып кетті

иллюстрациялық фото

Ақтөбеде жалған вакцинация құжатын жасады деп айыпталған медбике жазадан құтылып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, Қарғалы қалалық ауруханасының медбикесі былтыр шілде-қыркүйек айлары аралығында өзінің туысы арқылы алдын-ала келісіп, 11 адамға коронавирусқа қарсы “Спутник V”вакцинасын алғанын растайтын паспорт жасап берген. Бұл қызметі үшін әрқайсысынан 15 мың теңге алған. Медбике де, оның туысы да сот отырысында кінәсін мойындады. Бірақ, екеуі де жазаланған жоқ.

"Сот қаулысымен А.Кулдикова және А. Кулдыкова “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оларға қатысты қылмыстық іс өндірісі тоқтатылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді", - дейді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.