Жалпыға бірдей декларациялау: 30 млн теңгеден асатын ақшаны қайда сақтау керек

0
767

​Келесі жылы қаңтарда жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталады.


Жалпыға бірдей декларациялау: 30 млн теңгеден асатын ақшаны қайда сақтау керек

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялау аясында 30 млн теңгеден асатын соманы сақтауға қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсырады.
"Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын қолма-қол ақша көрсетілуі керек. Бұл ретте, заңнамада 10 000 АЕК-тен астам (30 млн теңгеден асатын) қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым салынбаған", - деп түсіндірді комитет.
Яғни жеке тұлғалар ақшаны қалай және қайда сақтайтынын өздері шешеді.
Бұған дейін Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаменті "мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері немесе олардың жұбайлары 30 млн теңгеден асатын соманы банк шотына салуы керек" екенін мәлімдеген еді.