Жалпыға бірдей декларацияны ұсынбаған жеке тұлғаға айыппұл салына ма

0
982

Декларацияны тапсыру кезінде жеке кабинеті бар салық төлеушінің және де e-salyqazamat қосымшасы арқылы тапсыруға болады.


Жалпыға бірдей декларацияны ұсынбаған жеке тұлғаға айыппұл салына ма

Жалпыға бірдей декларацияны ұсынбаған жеке тұлғаға алғашында ескерту жасалынады. Тағы заңбұзушылық анықталса, 15 айлық есеп көрсеткіші көлемінде, яғни 55 380 теңге айыппұл салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Биылдан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды

Бұл жолы кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылары, заңды тұлғалар мен олардың жұбайына декларация тапсыру міндеттеледі. Олар елдегі және шет мемлекеттегі жылжымайтын мүлкін жария етуге тиіс. 35 миллионға жуық қолма-қол ақша мен құны 3 миллионнан асатын құнды дүниесін де тіркеуі қажет.
Салық маманы, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлардың да жалпыға бірдей декларациялауға жататынын айтты. Декларацияны e-salyq­azamat, "салық төлеуші кабинеті", "электрондық үкімет" мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Жеке қағаз түрінде де, электронды түрде де 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыруы қажет.
Айта кетейік, жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылы басталды. Екінші кезеңі 2023 жылы өтіп, оған дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт саласында жұмыс істейтін азаматтар мен мен олардың жұбайы кірді. Енді 2025 жылы қалған санаттағы азаматтар тапсырады.
"Егер уақытында декларациясын көрсетпесе, біріншісінде айыппұл төленбейді. Одан босатылады. Бірақ қайталанған жағдайда 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Декларацияны тапсыру кезінде жеке кабинеті бар салық төлеушінің және де e-salyq­azamat қосымшасы арқылы тапсыруға болады. Және де поштамен немесе бізге келсе де болады. Біз бәрін егжей-тегжей түсіндіруге дайынбыз", - дейді Бостандық ауданы Мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Айжан Албаева.