Қаратауда 8 жасар қызды өлтірген азамат ұсталды

0
5 795

Ол 37 жастағы Қаратау қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті отбасылы, бұрын ұрлық дерегі бойынша істі болған көрінеді.


Қаратауда 8 жасар қызды өлтірген азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды өлтірген адам ұсталды, деп жазады «Хабар 24».

Ол 37 жастағы Қаратау қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті отбасылы, бұрын ұрлық дерегі бойынша істі болған көрінеді. Бұл жөнінде арнайы брифинг кезінде мәлім болды. Тергеп-тексеру кезінде күдіктінің үйінен заттай айғақтар табылды. Облыстық Полиция департаменті бастығының айтуынша, күдікті кінәсін толықтай мойындаған. Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім басынан жарақат алған болуы мүмкін. Оның жантүршігерлік әрекетін қалай жүзеге асырғандығы жарияланбай отыр. Күдіктінің қылмысы дәлелденсе, 15-25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Арман Оразалиев, облыстық Полиция департаментінің бастығы:

"Бізге мойындағаны ма, жоқ па, бізде барлығы дәлелді заттармен, барлығы бар. Бірақ қазіргі таңда сіздерге оны айтуға болмайды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында біз бірнеше күннен кейін барлығын айта аламыз"

Аталған дерек бойынша бірқатар сот медициналық сараптама кешені тағайындалды. Нәтижесі бір айдың көлемінде белгілі болады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.