Жамбыл облысындағы Гвардиялық гарнизон әскери бөлімінде офицер өз-өзіне қол жұмсады.
ERNUR.KZ. Ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады, деп жазады Tengrinews.kz.
"22 қарашада Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімінде офицер А. өз-өзіне қол жұмсады. Марқұмнан хат табылды", - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі мәліметінше, бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Тергеу мүддесі үшін, сондай-ақ туыстарының өтініші бойынша басқа мәлімет жария етілмейді", - деп толықтырды Қорғаныс министрлігі өкілдері.