Жамбыл облысында балаларының көзінше суицид жасамақ болған ер адам құтқарылды

0
466

Оның мас күйде екені анықталды.


Жамбыл облысында балаларының көзінше суицид жасамақ болған ер адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында полицейлер балаларының көзінше өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиия департаментінің хабарлауынша, ер адамды Сарысу аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Азат Ботабек пен Сарысу АПБ жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау бөлімшесінің инспекторы Жанаділ Қобжанов құтқарып қалған.

«1 ақпан күні олар облыс орталығында қызметтік іссапарда болған. Түскі сағат 14:00 шамасында ықшам аудандағы үйлердің бірінің жанынан өтіп бара жатып, пәтерінің терезесін сындырған ер адамды байқаған. Полиция қызметкерлері ойланбастан, оның подъездіне қарай жүгіріп, жылап жатқан балалардың көз алдында терезе шынысының сынықтарымен өз тамырын кеспек болған сәтінде пәтерге кіріп үлгерген. Осылайша, қызметкерлер ер адамды тым асығыс жасаған қадамынан құтқара алды. суицОның мас күйде екені анықталды. Одан басқа үйде кәмелетке толмаған екі баласы болған. Үй иесі әйелінің айықпас ауруы туралы білгеннен кейін осындай үмітсіз қадамға бел буғанын айтып берді», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлерімен сөйлескеннен кейін ол өзінің қателігін түсініп, өмірін сақтап қалғаны үшін оларға алғыс айтты және бұдан былай асығыс әрекет жасамаймын деп уәде берді.

«Біздің жұмысымызда бөтеннің проблемасы деген түсінік жоқ. Біз әріптесім екеуміз дәл уақытында үлгергенімізге және орны толмас қайғылы жағдайдың алдын алғанымызға қуаныштымыз», – дейді Сарысу АПБ тергеушісі Азат Ботабек.