Жамбыл облысында бес ауданның халқы ішімдіктен түбегейлі бас тартты

0
5 541

126 дүкеннің иесі алкоголь өнімдерін сату жөніндегі лицензияларын облыстық кірістер басқармасына ерікті түрде өткізді.


Жамбыл облысында бес ауданның халқы ішімдіктен түбегейлі бас тартты

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 5 ауданның тұрғындары спирттік өнімдерден түбегейлі бас тартты. Игі істі 12 ауылдың тұрғындары қолдаған, деп жазады 24.kz.

126 дүкеннің иесі алкоголь өнімдерін сату жөніндегі лицензияларын облыстық кірістер басқармасына ерікті түрде өткізді. Ауыл тұрғындары салауатты өмір салтына біржола ден қоймақ. Әсіресе бұл бастаманы Қызылқұм ауданындағы Құмөзек селосы тұрғындары белсенді жалғастыруда.

Ауылда арақ-шарапсыз дүкен ашылған. Айта кетейік, акцияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің облыстық департаменті ұсынған. Елді мекен тұрғындары бұл бастаманы өзге ауылдарға эстафета ретінде жолдап, өзгелердің де қолдайтынына сенімді.

"Ішімдік саудасынан бас тартуды алдымен қариялар қолдады. Әрі қарай жастар жалғастырып жатыр. Бұл оларға үлгі болды. Бір жағынан, ауылда спирттік ішімдік болмаса қылмыс саны азаяды деп үміттенеміз. Жыл аяғына дейін жағдайды бақылып, мониторинг жүргіземіз", - деді ҚР СЖҚІҚ Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары, Равиль Төлебаев.