Бюст батырдың туып-өскен өлкесі Жуалы жеріне орнатылды.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Хабар24.
Бюст батырдың туып-өскен өлкесі Жуалы жеріне орнатылды.
Салтанатты іс-шараға тұлғаның туыстары, әскерилер, жерлестері мен жастар қатысты. Гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Сондай-ақ ауданда алғашқы сервистік әкімдік ашылды.
Енді шалғайдан келген ауыл тұрғындары әр жерде орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмайды. Барлық жұмысты бір ғимараттан бітіріп шығады. Келушілер жер, тұрғын үй, әлеуметтік салалар мен құрылыс, жол сынды мәселелер бойынша қызмет ала алады. Сондай-ақ күту залы, тегін Wi-Fi мен арнайы өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы орналастырылған. Бұл мемлекеттік қызметтің сапасын көтеріп, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жаңалық ауыл жұртына мерейтойдағы негізгі тарту болды.