Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: күдікті ұсталды

0
520

19 тамызда атыраулық әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.


Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қатардағы сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты іс бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараздағы бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді, деп жазады tengrinews.kz.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тараздың мамандандырылған тергеу соты оған қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция тағайындады. ҚР ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмеуіне байланысты тергеп-тексеру барысы және қылмыстық істің мән-жайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмейді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі, яғни "Билігін, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланудың ауыр зардаптарға әкеліп соғуы" бойынша қолға алынғаны анықталды.

19 тамызда атыраулық әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Қызылқоға ауданы Миялы ауылының 18 жастағы тумасы Бекбол Мираш Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жатқан. Марқұмның туыстары өз-өзіне қол жұмсау болжамына сенбейді.