Жамбыл облысының диқандары бидайға орақ салды

0
926

Бидаймен қоса арпа да орылып жатыр.


Жамбыл облысының диқандары бидайға орақ салды

ERNUR.KZ. Бүгінде 110 мың тонна астық бастырылған, деп жазады «Хабар 24».

Биылғы жылы аймақта 140 мың гектар алқапқа дән себіліпті. Астық оруды алғашқылардың бірі болып Тұрар Рысқұлов ауданының шаруалары бастап кетті. Айтуларынша, астықтың сапасы жақсы, гектарына 24 центнерден келіп жатыр. Жиналған өнімді шаруалар мал азығы үшін пайдаланады. Тек желімшесі жоғары келетін «Қарасай» атты бидайдың элиталы сұрпы ұн тартуға жіберіледі. Бидаймен қоса арпа да орылып жатыр.

Жалпы, дәнді-дақылдар 328 мың гектар алқапқа егілген. Диқандар астық жинау науқанын шілденің соңына дейін аяқтауды көздеп отыр. Одан кейін келесі астық себу науқанына дайындық басталады. Топырақ құнарын арттыру жұмыстары жоспарланған.

– Заманауи астық оратын комбайндар мен тракторлар агротехникалық жұмыстарды қарқынды жүргізуге септігін тигізеді. Астықтың өнімділігіне де оң әсер етеді. Келер жылы 1,5 мың гектар алқапқа арпаның жаңа түрін өсіруді межелеп отырмыз. Меркедегі тәжірибелік алқапта гектарына 60 центнерден өнім алынған, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Күлкеев.