Жамбылдық 14 жастағы қари Түркияда өткен халықаралық құран сайысынан жеңіспен оралды

0
1 512

Аталған жүйріктер додасына 600-ден астам үміткер қатысқан.


Жамбылдық 14 жастағы қари Түркияда өткен халықаралық құран сайысынан жеңіспен оралды

ERNUR.KZ. Жамбылдық 14 жастағы қари Дулат Қалығұлов Тұркия мемлекетінде өткен халықаралық Құран сайысында дара шығып, «Алтын белгі» аталатын бас жүлдеге ие болды, деп жазады ҚазАқпарат.

11 жасында Құранды жаттап, 14 жасында елге танылған жас қари Дулат тек Жамбыл облысының ғана емес, барша еліміздің абыройын асқақтатты.

Алланың кәләмі болған Құран кәрімді жаттап шығу екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт. Мектепке бармастан, алты жасында арабша әріп таныған Дулат, үйдегі бес баланың ортаншысы. Кішкене күнінде-ақ, баласының қабілетін байқаған әкесі, Дулатты тоғыз жасында Бангладеш мемлекетінің астанасы Доха қаласындағы қарилық медресеге береді...

Аталған жүйріктер додасына Мысыр, Сирия, Бахрейн, Сауд Арабиясы, Имен, Индонезия, Малайзия сынды алпауыт мемлекеттерден келген 600-ден астам үміткер қатысқан. Әлеуметтік деңгейге ие «алтын белгіні» қанжығаға байлаудың шарттары да оңай болмаған. Ал, Дулаттың анасы Сәуле Шалбұлова құран жаттағандағы ниетіміз мұндай жарыстарға қатысу үшін емес, бәрі де бір Алланың разылығы үшін дейді.

Әлеуметтік деңгейге ие «алтын белгіні» қанжығаға байлаудың шарттары да оңай болған жоқ. Білікті, әккі Құран мамандарының алдында 12 түрлі сұраққа жауап беріп, Алланың Кәләмін кез келген жерінен мүдірмей оқып, ол аяттың тарихына дейін білу керек-ті. Сыннан сүрінбей өтіп, нақты толық 100 ұпайды жинаған қатысушылар ғана осы атаққа ілінбек. Міне, дәл осы «алтын белгіні» 630 қатысушының арасынан 10 бала иеленсе, соның біріншісі болып біздің Дулат тұр. Одан кейінгі орындарда араб елінен келген қарилар тұр. Жас қазақстандық барлық қатарластарын басып озып, ата-анасының, күллі қазақ даласының үмітін ақтады.

Аталған құрмет грамотасын Түркия елінің министрі табыстап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар жеңімпаздардың ішінен Дулат Қалығұлов осы республикадағы «Hilaliye erkek Kur'an Kursu» ашылу салтанатына арнайы шақырылды.

Осындай айтулы жеңісінің құрметіне облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде жас қариге арнайы құрмет көрсетілді. Имам Ғазиз Ахметов жамағат алдында Дулаттың ерлігін тілге тиек етіп, «алтын белгісімен» құттықтады. Көпшілік шын жүректен қуанышын жеткізіп, осындай білімді қарилардың көп болуын тілеп, бата берді.